29.05.2017

Posted by abdimalik on April 30, 2015

1 мамырда Астанадағы «Думан» ойын-сауық орталығының жанындағы спорт алаңында стритбол бойынша спорттық жарыстар мен «брейк данс» көше билеріне арналған чемпионат өтеді. Сондай-ақ, осы күні граффитимен айналысатын үздік суретшілер шеберлік сыныптарын өткізеді.

Шараны «Астана EXPO-2017» Ұлттық компаниясы Қазақстан халқының бірлігі күніне орай ұйымдастыруда. Қаланың шығармашылық жастарына қолдау көрсетуге және салауатты өмір салтын насихаттауға арналған іс-шара қатарынан екінші жыл өткізілуде.

Қатысушыларды «Астана EXPO-2017» ҰК» АҚ ұйымдастырған түрлі байқаулар, жүлделер мен сыйлықтар күтуде. Шара 2015 жылдың 1 мамыры сағат 12:00-де «Думан» қонақ үйінің жанындағы көлік тұрағында өтеді.

left010000, Қазақстан Республикасы Астана қаласы, Қонаев көшесі, 4 Байланыс телефондары: +7 (7172) 39-47-31

© 2013-2017 «Қазақстан» РТРК» АҚ

Барлық құқықтары қорғалған

Сайт Интернет редакциясында дайындалған



Жазылу

.