29.05.2017

Posted by abdimalik on May 06, 2015

«Астана» баскетболшылары ВТБ Біріккен Лигасы аясында плей-офф сериясының ширек финалдық кездесуінде мәскеулік ЦСКА командасынан ұтылып қалды. Кездесу нәтижесі –60:110.

Өз алаңындағы кездесуде мәскеуліктер Андрей Воронцевич, Александр Каун мен Милош Теодосичтердің шеберліктері арқылы алғашқы минуттан бастап ойын тізгінін қолдарына алып, нәтижесінде жеңіс тойын тойлады. Осылайша, ЦСКА серияда 2:0 есебімен алға шықты.

Командалар сапындағы үздіктер:

ЦСКА: Манучар Маркоишвили – 18 ұпай; Нандо Де Коло – 15 ұпай, 7 іріктеу; Александр Каун – 13 ұпай, 6 іріктеу; Виктор Хряпа – 12 ұпай, 7 іріктеу, 6 пас беру, 3 қағып алу; Сонни Уимс – 10 ұпай, 5 пас беру, 3 қағып алу; Аарон Джексон – 8 ұпай, 9 пас беру.

«Астана»: Павел Ильин – 16 ұпай; Антон Пономарев – 15 ұпай; Рашид Махалбасич – 8 ұпай, 7 іріктеу, 3 пас беру.

Фото: cskabasket.com

left010000, Қазақстан Республикасы Астана қаласы, Қонаев көшесі, 4 Байланыс телефондары: +7 (7172) 39-47-31

© 2013-2017 «Қазақстан» РТРК» АҚ

Барлық құқықтары қорғалған

Сайт Интернет редакциясында дайындалған



Жазылу

.