24.07.2017

Posted by abdimalik on May 08, 2015

«Астана» баскетболшылары өз алаңында өткен ВТБ Біріккен Лигасы плей-офф кезеңінің 1/4 финалында мәскеулік «ЦСКА» командасынан жеңілді. Кездесу нәтижесі – 75:111 (19:29, 25:28, 14:27, 17:27) ЦСКА пайдасына.

Өз алаңында өткен үшінші шешуші кездесуде астаналықтар бар күш-жігерін салып ойнағанымен, қарымы мықты қарсыластардың алдын орап кете алмай жеңіліп қалды. Осылайша екі команда арасындағы серия 0:3 есебімен аяқталып, «Астана» ВТБ Біріккен Лига аясындағы маусымын аяқады.

«ЦСКА-ны жеңісімен құттықтаймын. Армиялықтар жоғары деңгейдегі команда екендіктерін кезекті рет дәлелдеді. Біз бүгін күшіміз бен шеберлігіміз жеткенше қарсылас таныттық», - деді «Астана» БК бас бапкері Рамунас Бутаутас.

Фото: bcastana.kz

left010000, Қазақстан Республикасы Астана қаласы, Қонаев көшесі, 4 Байланыс телефондары: +7 (7172) 39-47-31

© 2013-2017 «Қазақстан» РТРК» АҚ

Барлық құқықтары қорғалған

Сайт Интернет редакциясында дайындалған



Жазылу

.