27.06.2017

Posted by abdimalik on May 15, 2015

Кувейттің астанасы Эль-Кувейтте дзюдодан Азия чемпионаты өтуде. Жарыстың екінші күні Қазақстан құрамасының бір спортшысы финалға, ал бес дзюдошы қола үшін белдесуге шыққан еді.

Ұлттық құраманың тәжірибелі спортшысы Максим Раков (100 келіге дейін) Азия чемпионатының күміс жүлдесін иеленді. Финалда ол жапониялық Кайхан Тахагиге есе жіберді.

Ал, «қола» үшін күрескен бес спортшының тек екеуі жеңіске жетті. 100 келіден артық салмақ дәрежесінде сынға түскен Ержан Шынкеев моңғолиялық Темуулен Баттулганы жеңіп, Азия чемпионатын 3-ші орынмен аяқтады.

Ал, қыздар арасында 78 келіден жоғары салмақта күрескен Гүлжан Исанова Қырғыз елінің дзюдошысы Нағира Сарбашовадан басым түсіп, қола медаль ұтып алды.

Бүгін аяқталатын Азия чемпионатында командалық жарыстар өтеді. Бұл сайысты «KAZsport» телеарнасы сағат 19:45-те тікелей эфирде көрсетеді.

left010000, Қазақстан Республикасы Астана қаласы, Қонаев көшесі, 4 Байланыс телефондары: +7 (7172) 39-47-31

© 2013-2017 «Қазақстан» РТРК» АҚ

Барлық құқықтары қорғалған

Сайт Интернет редакциясында дайындалған



Жазылу

.