27.06.2017

Posted by abdimalik on May 15, 2015

Кувейт астанасы Эль-Кувейтте дзюдодан Азия чемпионаты аяқталды. Жарыстың соңғы күні командалық сайыстар өтті. Қазақстанның ерлер және әйелдер құрамасы қола медаль үшін күресті.

Қазақстандық дзюдошы қыздар Азия чемпионатының қола жүлдесі үшін қытайлық Тайпей құрамасымен күресті. Татамиге алғашқы болып шыққан Ленария Мингазова құрама қоржынына алғашқы ұпай әкелген. Алайда, кейін Назгүл Құбашева (57 келі) мен Мариан Ордабаева (63 келі) қарсыластарына есе жіберді. 70 келі салмақ дәрежесінде төртінші болып күрескен Ділбар Өмірәлиева да қытайлық Тайпей елінің дзюдошысына ұтылып қалды. Ал, соңғы кезеңде Гүлжан Исанова (+78 келі) қарсыласын иппонмен жеңіп, тағы бір ұпай әкелген. Осылайша дзюдодан Қазақстанның әйелдер құрамасы 2:3 есебімен қытайлық Тайпейге есе жіберді.

left010000, Қазақстан Республикасы Астана қаласы, Қонаев көшесі, 4 Байланыс телефондары: +7 (7172) 39-47-31

© 2013-2017 «Қазақстан» РТРК» АҚ

Барлық құқықтары қорғалған

Сайт Интернет редакциясында дайындалған



Жазылу

.