27.06.2017

Posted by abdimalik on May 15, 2015

Кувейтте дзюдодан Азия чемпионаты аяқталды. Жарыстың соңғы күні командалық сайыс өтті. Қазақстанның ерлер және әйелдер құрамасы да қола медаль үшін татамиге шыққан еді. Алайда, қыздар құрамасы қытайлық Тайпейден келген спортшыларға есе жіберіп, Азия чемпионатында 5-ші орында қалды.

Ал, Қазақстанның ерлер құрамасы қола жүлделер үшін моңғолиялық дзюдошылармен күресіп, 3:2 есебімен жеңіске жетті. Қазақстан құрамасы сапынан Елдос Жұмаханов (66 келі), Ислам Бозбаев (90 келі) пен Ержан Шынкеев (+100 келі) жеңіске жетсе, Дастан Ықыбаев (73 келі) пен Әзиз Қалқаманұлы (81 келі) қарсыластарын жеңе алмады.

Осылайша дзюдодан Қазақстан Ұлттық құрамасы Азия чемпионатында төрт қола және бір күміс медаль иеленді.

left010000, Қазақстан Республикасы Астана қаласы, Қонаев көшесі, 4 Байланыс телефондары: +7 (7172) 39-47-31

© 2013-2017 «Қазақстан» РТРК» АҚ

Барлық құқықтары қорғалған

Сайт Интернет редакциясында дайындалған



Жазылу

.