26.05.2017

Posted by A.Nurtassov on October 24, 2016

«Астана» велошабандозы Танел Кангерт «Абу-Даби» турында жалпы есепте жеңімпаз атанды, деп хабарлайды Sports.kz.

Жарыстың финалдық кезеңінде «Dimension Data» командасындағы британдық Марк Кэвендиш озып шықты, екінші болып «Trek-Segafredo» спортшысы итальяндық Джакомо Ниццоло келді, ал Италияның тағы бір өкілі – «Sky» велошабандозы Элия Вивьяни үшінші орынды місе тұтты.

«Астананың» үздік спортшысы мәреге 11-ші болып жеткен Андреа Гуардини болды. «Астананың» өзге де шабандоздары мынадай нәтиже көрсетті:  Винченцо Нибали – 20-шы, Танел Кангерт – 23-ші, Гатис Смукулис – 56-шы, Валерио Аньоли – 92-ші, Алессандро Ванотти – 97-ші.

Жалпы есеп:

  1. Танел Кангерт (Эстония, «Астана») – 12:27:24
  2. Николас Роч (Ирландия, «Sky») – +0:21
  3. Диего Улисси (Италия, «Lampre-Merida») – +0:43
  4. Винченцо Нибали (Италия, «Астана») – +1:00
  5. Андреа Гуардини (Италия, «Астана») – +18:44
  6. Гатис Смукулис (Латвия, «Астана») – +20:06
  7. Валерио Аньоли (Италия, «Астана») – +25:19
  8. Алессандро Ванотти (Италия, «Астана») – +26:53.

Дерек көзі: egemen.kz

left010000, Қазақстан Республикасы Астана қаласы, Қонаев көшесі, 4 Байланыс телефондары: +7 (7172) 39-47-31

© 2013-2017 «Қазақстан» РТРК» АҚ

Барлық құқықтары қорғалған

Сайт Интернет редакциясында дайындалған



Жазылу

.