26.05.2017

Posted by A.Nurtassov on October 31, 2016

Қытайдың оңтүстігінде «Хайнань туры» дәстүрлі велокөпкүндігі аяқталды, деп хабарлайды Sports.kz.

Велошабандоздар «Хайнань турының» тоғызыншы кезеңінің соңғы шақырымдарын бағындырды. Онда «Team Giant-Alpecin» өкілі — неміс спортшысы Макс Уолшайт жеңіске жетті.

Соңғы кезеңде «Астана» велоспортшысы Алексей Луценко мәре сызығын негізгі пелотонда кесіп өтіп, сары жейдені өзінде сақтап қалды және жарыстың бас классификациясының жеңімпазы атанды.  Оның уақыты 35:16:41 құрады.

left010000, Қазақстан Республикасы Астана қаласы, Қонаев көшесі, 4 Байланыс телефондары: +7 (7172) 39-47-31

© 2013-2017 «Қазақстан» РТРК» АҚ

Барлық құқықтары қорғалған

Сайт Интернет редакциясында дайындалған



Жазылу

.