26.05.2017

Posted by A.Nurtassov on October 31, 2016
Нью-Йоркте отандастарымыз Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына арналған велошеру өткізді

Нью-Йоркте Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған велошеру өтті. Оған АҚШ-тағы отандастарымыз, студенттер мен дипломаттар қатысты, деп хабарлайды egemen.kz.

Қазақстандық команданы атақты велошабандоз, Олимпиада чемпионы Александр Винокуров бастап барды. Велошеруге еліміздің Нью-Йорктегі Бас консулдығы ұйытқы болып, Қазақстан-Америка альянсы қолдау көрсетті.

«Нью-Йорк төрінде Туымызды желбіретіп велосипед тебеміз деп 25 жыл бұрын кім ойлаған?! Осындағы Орталық саябақта жүргеннің өзі бір ғанибет. Ерте тұрып, саябақ ішінде жүгіріп, айналаны көріп алдым. Адамдар қаптап жүр. Спортты бұқаралық сипатта дамыту дегеніміз - осы. Біздің елімізде де салауатты өмір салтын кеңінен насихаттауға көп көңіл бөлініп жатыр. Игі істің жарқын үлгісі - әлемді шарлап жүрген біздің «Astana Pro Team» командасы», — дейді Олимпиада чемпионы Александр Винокуров. 

Велошеруге қатысқандар Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың антиядролық бастамалары және EXPO мен «Астана» халықаралық қаржы орталығының белгілері бейнеленген жейделер киіп, көпшілік көзайымына айналды.

left010000, Қазақстан Республикасы Астана қаласы, Қонаев көшесі, 4 Байланыс телефондары: +7 (7172) 39-47-31

© 2013-2017 «Қазақстан» РТРК» АҚ

Барлық құқықтары қорғалған

Сайт Интернет редакциясында дайындалған



Жазылу

.