27.06.2017

Posted by A.Nurtassov on December 30, 2016

Боксшы Геннадий Головкинді жаттықтыратын америкалық маман Абель Санчес  Yahoo Sports порталының нұсқасы бойынша әлемнің үздік бапкері атанды, деп хабарлайды vesti.kz.

«Үздік бапкер» атағына таласта Санчес 28 жастағы Шейн Макгиганды озып кетті. Ол Yahoo Sport нұсқасы бойынша  үздік боксшы атанған отандасы Карл Фрэмптонды жаттықтырады.

Естеріңізге сала кетейік, Санчес WorldBoxingNet баспасы мен Америкалық журналистер ассоциациясының «Үздік бапкер» атағына үміткер.

Абель Санчес WBA, IBF, IBO, WBC нұсқалары бойынша Әлем чемпионы Геннадий Головкин, IBF нұсқасы бойынша бірінші ауыр салмақтағы жаңа Әлем чемпионы ресейлік Мұрат Гассиевтің бапкері болып табылады.

left010000, Қазақстан Республикасы Астана қаласы, Қонаев көшесі, 4 Байланыс телефондары: +7 (7172) 39-47-31

© 2013-2017 «Қазақстан» РТРК» АҚ

Барлық құқықтары қорғалған

Сайт Интернет редакциясында дайындалған



Жазылу

.