27.03.2017

Posted by A.Sagandykova on February 17, 2017

Алматыда өткен 28-ші Қысқы Универсиада ойындары еліміз үшін табысты аяқталғаны баршамызға мәлім.

57 елден келген 1652 спортшы қатысқан бұл додада Қазақстан студенттік құрамасы сәтті өнер көрсетті. Ел қоржынына 11 алтын, 8 күміс және 17 қола медаль түсті. Бұл көрсеткіш - Қазақстанның жаңа рекорды.

Жалпыкомандалық есепте 36 жүлде иеленген Қазақстан екінші орын алды.

«Қазақстан» РТРК» АҚ - Алматыда өткен 28-ші Бүкіләлемдік Қысқы Универсиада ойындарының ресми ақпараттық серіктесі болды.  

Телерадиокорпорацияның құрамына кіретін «Kazsport» телеарнасы Универсиаданың бас хабар таратушысы және Универсиада Алау эстафетасының ресми таратушысы атанды.

«Қазақстан» және «Kazsport» телеарнасы еліміздің барлық облыс орталықтарында өткен Алау жағу салтанатынан арнайы хабарлар көрсетіп, ашылу және  жабылу шараларын тікелей эфирден ұсынды.

Қазақстандықтар бақ сынаған ойындардың көпшілігін тікелей көрсетіп, жанкүйерлерге «Универсиада» күнделігін», «Универсиада алауы аясында», «Гость Универсиады» бағдарламаларын ұсынды.

kaztrk.kz порталы жанкүйерлерге  28-ші Қысқы Универсиададағы бағдарламалар топтамасын «Универсиада мұрасы» айдарымен ұсынады.  

 

left010000, Қазақстан Республикасы Астана қаласы, Қонаев көшесі, 4 Байланыс телефондары: +7 (7172) 39-47-31

© 2013-2017 «Қазақстан» РТРК» АҚ

Барлық құқықтары қорғалған

Сайт Интернет редакциясында дайындалған



Жазылу

.