28.06.2017

Posted by A.Sagandykova on March 13, 2017

Жаңа маусымда «Kazsport» телеарнасы спорттық бағдарламалардағы сараптамаға ерекше көңіл бөлуді көздеп отыр. Әр спорттық шара алдында басталғанға дейін, шара барысында және соңында спорт комментаторлары мен студия қонақтары арасында пікірталас өткізіледі. «Kazsport» телеарнасы 2017 жылдың наурыз айы мен 2018 жылдың мамыр айы аралығында Қазақстан Республикасы аумағында Чемпиондар Лигасы мен УЕФА Еуропа Лигасының ресми ақпарат таратушысы болмақ.

«Қазақстан» телерадиокорпорациясы бұған дейін ең ірі екі еурокубокты турнирлердің лицензиялық құқықтарына ие болған. 2010-2011 және 2011-2012 жылдардағы маусымдарда Чемпиондар Лигасы мен УЕФА Еуропа Лигасының іріктелген матчтары «Қазақстан» Ұлттық арнасынан көрсетілген болатын.  2010 жылдың ақпан айы мен 2012 жылдың мамыр айы аралығында 140-тай матч көрермен назарына ұсынылып, 200-ге тарта Чемпиондар Лигасы мен УЕФА Еуропа Лигасына шолу және журнал жасалды.

Енді барлық контент «Kazsport» арнасына жүктеліп, телеарнаның мамандандырылған спорттық арна екенін ескере отырып, көрсетілімдер көлемі артады. «Kazsport» телеарнасы үшін бұл кезекті «№1 спорт түрі» атты үлкен жоба. Эфирде Еуропа және Әлем чемпионаттарының матчтары, неміс  Бундеслигасы, Ағылшын Премьер Лигасы, испаниялық Ла Лига көрсетілді.

Алда Чемпиондар Лигасы мен УЕФА Еуропа Лигасының маусымы тұр. Бірақ, бұл телеарна өз көрермендеріне дайындаған соңғы тосынсый емес. Жақын күндері бірнеше ірі футбол турнирлеріне арналған ТВ лицензиясына қол қою рәсімі туралы хабарланатын болады.

Сондай-ақ, 2017 жылдың 19 наурызында қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің Даниэл Джейкобсқа (АҚШ) қарсы жекпе-жегі тікелей эфирде көрсетілетін болады.

left010000, Қазақстан Республикасы Астана қаласы, Қонаев көшесі, 4 Байланыс телефондары: +7 (7172) 39-47-31

© 2013-2017 «Қазақстан» РТРК» АҚ

Барлық құқықтары қорғалған

Сайт Интернет редакциясында дайындалған



Жазылу

.