28.06.2017

Posted by A.Nurtassov on March 18, 2017

Бүгін, 18 наурыз күні Қазақстан Премьер-лигасы 3-турының ойындары өтеді.  «Kazsport» телеарнасы екі кездесуді тікелей эфирде көрсетеді.

Көкшетаулық «Оқжетпес» қостанайлық «Тобылмен» кездеседі. Алғашқы екі турда көкшетаулық клуб қызылордалық «Қайсарға» есе жіберіп, алматылық «Қайратпен» тен түссе, қостанайлық ұжым «Атырауды» жеңіп, «Ақтөбемен» тең ойнады.

13:35  «Оқжетпес» - «Тобыл» LIVE 

Қарағандылық «Шахтёр»  қызылордалық «Қайсармен» ойнайды. Футболдан ел біріншілігінің алғашқы кездесулерінде  «Шахтёр» «Таразбен» 0:0 есебімен тең түсіп, оралдық «Ақжайыққа» 3:1 есебімен есе жіберген болатын. Ал, «Қайсар» «Тараз» бен «Оқжетпесті» жеңіп, Премьер-лигада 6 ұпаймен көш бастап тұр.

17:50 «Шахтёр» - «Қайсар» LIVE 

 

left010000, Қазақстан Республикасы Астана қаласы, Қонаев көшесі, 4 Байланыс телефондары: +7 (7172) 39-47-31

© 2013-2017 «Қазақстан» РТРК» АҚ

Барлық құқықтары қорғалған

Сайт Интернет редакциясында дайындалған



Жазылу

.