29.04.2017

Posted by A.Nurtassov on March 19, 2017

Отандасымыз Геннадий Головкин америкалық Дэниел Джейкобсқа қарсы өткізген жекпе-жекте жеңіске жетті. Қолғап түйістірген боксшылар арасындағы жұдырықтасу 12 раундқа созылып, қазылар алқасының шешімі бойынша қазақстандық боксшының жеңісімен аяқталды. Геннадий Головкин WBC, WBA (Super) және IBO тұжырымдары бойынша орта салмақтағы Әлем чемпионы титулдарын қорғап қалды. Отандасымыз иелік ететін IBF тұжырымы бойынша чемпиондық титул Джейкобстың  таңғы салмақ өлшеуден бас тартуына байланысты сарапқа салынбады.

Бұл жұдырықтасу  Геннадий Головкин кәсіби рингтегі 37-ші жекпе-жегі болды. Ол 37 жұдырықтасуының біреуінде де жеңіліп көрмеген және 33-ін нокаутпен аяқтаған.

Геннадий Головкин мен Дэниел Джейкобс арасындағы жекпе-жек Нью-Йорк қаласындағы «Мэдисон Сквер Гарден» кешенінде өтті. Кездесуді «Қазақстан» және «Kazsport» телеарналары тікелей эфирде көрсетті.

Жекпе-жектің қайталауын «Kazsport» телеарнасынан 16:15-те көре аласыздар.

left010000, Қазақстан Республикасы Астана қаласы, Қонаев көшесі, 4 Байланыс телефондары: +7 (7172) 39-47-31

© 2013-2017 «Қазақстан» РТРК» АҚ

Барлық құқықтары қорғалған

Сайт Интернет редакциясында дайындалған



Жазылу

.