24.06.2017

Posted by A.Mamankyzy on April 01, 2017

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Элизабет Тұрсынбаева Хельсинкидегі Әлем чемпионатында сәтті өнер көрсетіп, Қазақстанға әйелдердің жекелей өнер көрсету санаты бойынша Пхенчханда (Оңтүстік Корея) өтетін 2018 жылғы Олимпиаданың екі лицензиясы берілді. Бұған дейін Қазақстан әйелдер арасында жеке өнер көрсетуден Олимпиадаға қатыспаған еді. Біздің ел Қысқы ойындарға тек жұптық мәнерлеп сырғанаудан (Марина Халтурина мен Андрей Крюков - 1998), мұздағы биден (Дмитрий Казарлыга және Елизавета Стекольникова - 1994 және 1998), ерлер арасында жеке өнер көрсетуден (Юрий Литвинов - 1998, Денис Тен және Абзал Рахимғалиев - 2010, 2014) қатысқан болатын.

 

left010000, Қазақстан Республикасы Астана қаласы, Қонаев көшесі, 4 Байланыс телефондары: +7 (7172) 39-47-31

© 2013-2017 «Қазақстан» РТРК» АҚ

Барлық құқықтары қорғалған

Сайт Интернет редакциясында дайындалған



Жазылу

.