24.04.2017

Posted by A.Sagandykova on April 04, 2017

Бүгін қазақтың біртуар азаматы, бокстан Сидней Олимпиадасының чемпионы Бекзат Саттархановтың туған күні.

2000 жылы XXVII Олимпиадада жартылай жеңіл салмақта (57 кг дейін) чемпион атағын жеңіп алып, қазақтың мерейін асқақтатқан былғары қолғап шебері тірі болса, бүгінде 37 жасқа толар еді.

Бекзат Саттарханов Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан қаласында туған. Заң саласы мамандығын игерген. 

 Бекзат бокста Серік Қонақбаевты үлгі тұтқан. Мұның себебі де жоқ емес. 1980 жылы Мәскеу Олимпиадасының финалында Серік Қонақбаев жұдырықтасқан сәтте Бекзат бесікте жатқан сәби еді. Анасы Сырлыкүл Саттарханованың Серік Қонақбаев секілді Бекзат та чемпион болсын деген үлкен арманы болған. 

Назарларыңызға «Kazsport» арнасының «Ұлтына ұлы қуаныш сыйлаған ұл» деректі фильмін ұсынамыз. Эфирден бүгін сағат 13:50-де көре аласыздар.

 

 

left010000, Қазақстан Республикасы Астана қаласы, Қонаев көшесі, 4 Байланыс телефондары: +7 (7172) 39-47-31

© 2013-2017 «Қазақстан» РТРК» АҚ

Барлық құқықтары қорғалған

Сайт Интернет редакциясында дайындалған



Жазылу

.