29.05.2017

Posted by A.Nurtassov on April 17, 2017

22-23 сәуір күндері Канаданың Монреаль қаласында Федерация кубогынның екінші Әлемдік топ плей-офф кезеңінің ойындары өтеді. Бұл кезеңде келесі айналымға шығу үшін Қазақстанның әйелдер құрамасы канадалықтармен күш сынасады.

Бұл додада Қазақстан намысын Юлия Путинцева (WTA-31), Ярослава Шведова (51), Галина Воскобоева (268) мен Камила Керімбаева (362) қорғайды.

Ал, Канада құрамасы келесі құрамда өнер көрсетеді: Бьянка Ванесса Андрееска (WTA-189), Франсуаз Абанда (194), Кэтрин Себов (295), Габриэль Дабровски (351).

«Kazsport» телеарнасы Қазақстан құрамасының Федерация кубогындағы өнер көрсетуін тікелей эфирде және жазба түрінде көрсетеді.

Көрсетілім кестесі:

22 cәуір

02:00 Канада – Қазақстан. ІІ ойын. Live

23 cәуір

10:35 Канада – Қазақстан. І ойын

23:00 Канада – Қазақстан. ІІІ ойын. Live

24 cәуір

10:00 Канада – Қазақстан. ІV ойын

Федерация кубогы – әйелдер теннисіндегі ең ірі халықаралық командалық жарыс. Турнирдің ұйымдастырушысы Халықаралық теннис федерациясы. Федерация кубогы ойындары әртүрлі топтар мен деңгейлерге бөлінген командалар арасында өтеді. Топтардағы жеңімпаздар мен аутсайдерлер келесі маусымда басқа деңгейге ауысады.

left010000, Қазақстан Республикасы Астана қаласы, Қонаев көшесі, 4 Байланыс телефондары: +7 (7172) 39-47-31

© 2013-2017 «Қазақстан» РТРК» АҚ

Барлық құқықтары қорғалған

Сайт Интернет редакциясында дайындалған



Жазылу

.