29.05.2017

Posted by A.Nurtassov on April 19, 2017

УЕФА Чемпиондар лигасының жартылай финалында өнер көрсететін алғашқы екі команда анықталды.

Диего Симеоне жаттықтыратын мадридтік «Атлетико» сырт алаңда Англия чемпионы  «Лестер Сити» клубымен  1:1 есебімен тең түсіп, бір апта бұрынғы өз алаңында қол жектізген жеңісінің (1:0) арқасында жартылай финалға шыққан алғашқы команда атанды.

Мадридтік «Реал» «Сантьяго Бернабеу» алаңында да  «Баварияны »  4:2 есебімен (жалпы есеп 6:3) тізе бүктіртіп, келесі кезеңде өнер көрсететін «Атлетико» қатарына қосылды. Бұл ойында Криштиану Роналду хет-трик жасап, өз командасының жеңіске жетуіне үлкен үлесін қосты.

left010000, Қазақстан Республикасы Астана қаласы, Қонаев көшесі, 4 Байланыс телефондары: +7 (7172) 39-47-31

© 2013-2017 «Қазақстан» РТРК» АҚ

Барлық құқықтары қорғалған

Сайт Интернет редакциясында дайындалған



Жазылу

.