27.06.2017

Posted by A.Sagandykova on May 12, 2017

Англиялық «Манчестер Юнайтед» пен амстердамдық «Аякс» Еуропа Лигасының финалистері атанды.

Британиялық команда өз алаңында өткен жартылай финалдық матчта испандық «Сельтамен» ойнап, тең түсті. Манкуниандықтардан голды Маруана Феллайни соқса, қонақтар арасынан Факундо Ронкалья ерекшеленді. Бірінші ойын ағылшындардың пайдасына 1:0 есебімен аяқталды.  

«Аякс» қарсыластарының алаңында өткен екінші ойында француздық «Лионға» есе жіберді (1:3). Алайда олар бірінші матчта жеңіске жетуінің арқасында (4:1) финалға жолдама алды. Француздық командада Александр Ляказетт екі рет гол салса, үшінші доп Рашид Геззальдің еншісінде.  Амстердамдықтардың арасынан Каспер Дольберг гол соқты.

Финал ойыны 24 мамыр күні Стокгольмдегі «Френдс-Аренада» өтеді.

left010000, Қазақстан Республикасы Астана қаласы, Қонаев көшесі, 4 Байланыс телефондары: +7 (7172) 39-47-31

© 2013-2017 «Қазақстан» РТРК» АҚ

Барлық құқықтары қорғалған

Сайт Интернет редакциясында дайындалған



Жазылу

.