27.06.2017

Posted by A.Sagandykova on May 12, 2017

Golden Boy Promotions компаниясының басшысы Оскар Де Ла Хойя Геннадий Головкин мен Сауль Альварестің айқасы бойынша келіссөздердің кейбір тұстарын айтып берді, деп хабарлайды Sports.kz. «Келіссөздер туралы егжей-тегжейлі айтып бере алмаймын, себебі онда жариялауға болмайтын тармақтар бар. Бірақ, боксшылардың көңілінен шығатынына сенімдімін.

GGG мен «Канело» жекпе-жегі бойынша келісім жасау қиынға соқпады. Шынымды айтсам, бар болғаны - бірге отырып, келісу ғана қажет болды. Біз екі немесе үш рет кездестік. Келісім жасастық, айқас өтетін болды. Тек кейбір мәселелерді нақтылап алу қажет еді. Менің ойымша, ең қиыны - рингке бірінші болып кімнің шығатынын анықтау болды.

Геннадий Головкин өзінің барлық төрт белбеуін сарапқа салады. Жекпе-жек 160 фунт салмақ держесінде өтеді және бір грамм да жоғары болмауы тиіс. Сондай-ақ, олар өздері дағдыланып қалған 10 унциялық қолғапты қолдануға келісті. Мұның барлығы әлем чемпионы титулы үшін жұдырықтасқан бұрынғы кезді еске түсіреді», - деп келтірді промоутердің сөзін BoxingScene.com.

left010000, Қазақстан Республикасы Астана қаласы, Қонаев көшесі, 4 Байланыс телефондары: +7 (7172) 39-47-31

© 2013-2017 «Қазақстан» РТРК» АҚ

Барлық құқықтары қорғалған

Сайт Интернет редакциясында дайындалған



Жазылу

.