24.07.2017

Posted by A.Sagandykova on May 16, 2017
Қанат Ислам

Қазақстандық танымал боксшы Қанат Ислам (23-0, 19КО)  Флоридада (АҚШ) 26 мамырда  өтетін кезекті профи -рингтегі жекпе-жегіне дайындығын жалғастырып жатыр, деп хабарлады inform.kz.

Біздің отандасымыз  бірінші орта салмақта Норберто Гонсалеспен (23-8, 13КО) WBO, NABA және WBA Intercontinental  титулы үшін айқасады.

Таяу күндері алдағы айқас туралы баспасөз мәслихаты өтеді. Бұған қоса айтарымыз, бұл бокс кешіне өзге қазақстандық боксшы Жанқош Тұраров та қатысады.Қарсыласы мексикалық Густаво Гарибай (13-8-2, 5КО).

 

left010000, Қазақстан Республикасы Астана қаласы, Қонаев көшесі, 4 Байланыс телефондары: +7 (7172) 39-47-31

© 2013-2017 «Қазақстан» РТРК» АҚ

Барлық құқықтары қорғалған

Сайт Интернет редакциясында дайындалған



Жазылу

.