26.06.2017

Posted by A.Sagandykova on May 17, 2017

Қазақстандық бес боксшы Бакуде өтіп жатқан IV Ислам ынтымақтастық ойындарының жартылай финалына шықты, деп хабарлайды Қазақстан бокс федерациясының баспасөз қызметі.

16 мамырда өткен шаршы алаң бәсекесінде Қуан Куатов (64 кг) түрікмен боксшысын нокдаунға түсіріп, 5:0 есебімен жеңіске жетті. Азат Махметов (52 кг) пәкістандық Суед Мухаммад Асифті сүріндірді. Тұрсынбай Кұлахметтің (75 кг) қарсыласы өзбекстандық Махмуд Гаипов үшінші раундтан кейін рингке шығудан бас тартты.

Айта кеткен жөн, бұған дейін жартылай финалға  Сұлтан Заурбек (60 кг) және Илья Очкин (69 кг) шыққан болатын.

Еске сала кетейік,  12-22 мамыр аралығында Әзербайжан астанасы Бакуде IV Ислам ынтымақтастық ойындары өтуде. Ойындарға 54 елден шамамен 3500 спортшы қатысуда. Қазақстан атынан бес бағыт бойынша 32 спортшы ел намысын қорғауда. 

left010000, Қазақстан Республикасы Астана қаласы, Қонаев көшесі, 4 Байланыс телефондары: +7 (7172) 39-47-31

© 2013-2017 «Қазақстан» РТРК» АҚ

Барлық құқықтары қорғалған

Сайт Интернет редакциясында дайындалған



Жазылу

.