26.06.2017

Posted by A.Sagandykova on May 17, 2017
Әйелдердің клубтық командалары арасында волейболдан Азия Чемпионаты

«Kazsport» телеарнасы әйелдердің клубтық командалары арасында волейболдан Азия Чемпионатын көрсетеді. Ойындар 23-31 мамыр аралығында Өскемен қаласында өтеді.

Турнирге қатысуға Япония, Қытай, Вьетнам, Тайбэй, Иран, Филиппин және Таиландтан командалар келеді.

Қазақстанның намысын екі дүркін чемпион атанған «Алтай» командасы қорғамақ. Бүгінде турнирдің жеңімпазы япониялық «НЕК Ред Рокетс», бірақ Японияның атынан басқа қоманда жарысқа түседі. 

Сондай-ақ,  аталмыш турнир 2018 жылы әйелдер арасында өткізілетін клубтық чемпионатқа іріктеу болып табылалады.

Трансляция кестесі туралы толық ақпарат Kazsport» телеарнасында жарияланады.

left010000, Қазақстан Республикасы Астана қаласы, Қонаев көшесі, 4 Байланыс телефондары: +7 (7172) 39-47-31

© 2013-2017 «Қазақстан» РТРК» АҚ

Барлық құқықтары қорғалған

Сайт Интернет редакциясында дайындалған



Жазылу

.