22.07.2017

Posted by A.Sagandykova on June 01, 2017
Михаил Кукушкин

Парижде өтіп жатқан Франция ашық чемпионаты - «Ролан Гаррос» турнирінің екінші айналымында Қазақстанның бірінші, әлемнің 85-інші ракеткасы Михаил Кукушкин дүниежүзілік рейтингте 18-інші сатыда тұрған испаниялық Роберто Баутиста-Агутпен күш сынасты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.

www.championat.com алынған мәліметке қарағанда, бұл кездесуде осы турнирдің 17-інші ракеткасы болып тіркелген испаниялық теннисші 6:3, 3:6, 6:3, 7:6 (7:3) есебімен жеңіске жетті. Үш сағатқа жуық уақытқа созылған матчта Роберто Баутиста-Агут алты рет брейк жасаса, Михаил Кукушкин бес брейкке қол жеткізді. Енді Р.Баутиста-Агут үшінші айналымда чехиялық Иржи Веселымен кортқа шығады.

Осылайша, Франция ашық чемпионатының жекелей сынында Қазақстаннан Юлия Путинцева ғана қалды. Ол үшінші айналымда осы турнирдің өткен жылғы жеңімпазы, биылғы төртінші ракеткасы, тағы бір испаниялық Гарбинье Мугурусамен шеберлік байқасады. 

left010000, Қазақстан Республикасы Астана қаласы, Қонаев көшесі, 4 Байланыс телефондары: +7 (7172) 39-47-31

© 2013-2017 «Қазақстан» РТРК» АҚ

Барлық құқықтары қорғалған

Сайт Интернет редакциясында дайындалған



Жазылу

.