27.06.2017

Posted by A.Sagandykova on June 19, 2017
Айбат Сейтен

Астана қаласының іріктеу турнирінде екінші орын иеленіп, республикалық турнирдің финалына жолдама алған Мұрат Кеңтоновтың жарақат алуына байланысты, спортшы «Қазақстан барысы-2017» қатысудан бас тартты. 
2 шілде күні өтетін «Қазақстан Барысы» турнирінің финалына Астана қаласындағы іріктеу жарысында үшінші орын алған Айбат Сейтен қатысатын болды.

Сондай-ақ, тамыз айында палуандар «Әлем Барысы» халықаралық турнирінде тағы бір рет күш сынасады. 

Еске салайық, «Қазақстан Барысы» республикалық турнирі биыл жетінші рет өтпекші. Осы жарыста үш рет Бейбіт Ыстыбаев жеңіске жетті. Сонымен қатар, Ұлан Рысқұл, Айбек Нұғымаров және Мұхит Тұрсыновтар жеңімпаз атанды.

 

left010000, Қазақстан Республикасы Астана қаласы, Қонаев көшесі, 4 Байланыс телефондары: +7 (7172) 39-47-31

© 2013-2017 «Қазақстан» РТРК» АҚ

Барлық құқықтары қорғалған

Сайт Интернет редакциясында дайындалған



Жазылу

.