22.07.2017

Posted by A.Nurtassov on July 05, 2017

Бүгін «Дәулет» спорт  кешенінде Қазақстан Респуликасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың жүлдесі үшін Самбодан Әлем Кубогы кезеңі ұйымдастырушыларының баспассөз мәслихаты өтті. 

Баспассөз мәслихатына ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің  Спорт және дене шынықтыру  істері комитеті төрағасының  орынбасары  Оспанов Ерлан Қуанышбайұлы, Қазақстан спорт және жауынгерлік  самбо күресі федерациясының вице-президенті Валиев Рафик Гарифович, Оңтүстік Корея самбо федерациясының президенті және Халықаралық самбо федерациясының Атқарушы комитетінің мүшесі Мун Чон Гым қатысты.

Баспассөз мәслихаты барысында жарыс ұйымдастырушыларына аталмыш дода және самбоның Қазақстан мен әлемдегі дамуы  сұрақтар қойылды.

Халықаралық самбо федерациясының Атқарушы комитетінің мүшесі Мун Чон Гым турнир жоғары деңгейде ұйымдыстырылғандығын атап өтіп, самбоның Олимпиада бағдарламасына енеді деп үміттенетіндігін сөз етті:

«Мен бүгін жарыстың ұйымдастырылу деңгейінің жоғары деңгейде екендігіне көз жеткіздім. Әлем Кубогы кезеңі Қазақстанда, әрі доданың Қазақстан Респуликасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың жүлдесі үшін  өтетіндіктен самбоның бұл елде және бүкіл әлемде дамуына серпін беретіні анық,және самбоның Олимпиада бағдарламасына енетіндігіне үміттенетінімді айтқым келеді».

Баспассөз мәслихатында Қазақстан спорт және жауынгерлік  самбо күресі федерациясының вице-президенті Валиев Рафик Гарифович турнирден не күтуге болатындығын айтты:

«Самбо - бірнеше күрес түрін біріктірген спорт айқасы.Аталған  Самбодан Әлем Кубогы кезеңі маңыздылығы жағынан екінші орында. Бұл турнирден бірнеше жеңімпазды күтеміз. Ел намысын спорттық және жауынгерлік самбодан Қазақстан біріншілігінің жеңімпаздары мен жүлдегерлері қорғайды».

Естеріңізге сала кетейік, Халықаралық «ЭКСПО-2017»  көрмесі аясында 6-8 шілде күндері Астана қаласындағы «Дәулет» спорт  кешенінде Қазақстан Респуликасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың жүлдесі үшін Самбодан Әлем Кубогы кезеңі өтеді.

Жарысқа 20 елден келген 200-ден астам самбошы қатысады. Жүлделер ерлер арасында 9 салмақ дәрежесінде (-52 кг,  -57 кг, -62 кг, -68 кг, -74 кг, -84 кг, -90 кг, -100 кг ,100 кг-нан астам) , әйелдер арасында да 9 салмақ дәрежесінде (-48 кг, -52 кг, -56 кг, -56 кг, -60 кг, -64 кг, -68 кг, -72 кг, -80 кг, 80 кг-нан астам) және жауынгерлік самбодан 9 салмақ дәрежесінде (-52 кг,  -57 кг, -62 кг, -68 кг, -74 кг, -84 кг, -90 кг, -100 кг ,100 кг-нан астам) сарапқа салынады. 

Турнирді «Kazsport» телеарнасынан 10 шілде күні сағат 20:30-да; 22:50-те және 11 шілде сағат 21:05-те; 23:15-те көрсетіледі.

left010000, Қазақстан Республикасы Астана қаласы, Қонаев көшесі, 4 Байланыс телефондары: +7 (7172) 39-47-31

© 2013-2017 «Қазақстан» РТРК» АҚ

Барлық құқықтары қорғалған

Сайт Интернет редакциясында дайындалған



Жазылу

.