22.07.2017

Posted by A.Nurtassov on July 10, 2017

Төрт жасқа толған «Kazsport» телеарнасының тартуы жалғасуда. Бұл жолы бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері және арнамыздың әріптестері бір күнге микрофонмен қаламды кіші ракеткаға алмастырды.

Үстел теннисінен дәстүрлі турнир осымен 4-ші мәрте ұйымдастырылып отыр. 6-үстелде қатар өткен ойындарда телеарна, радио, ғаламтор және баспасөз саласының мамандары өзара мықтыны анықтады. Дәстүрлі шараның атауы – жарыс болғанымен демалыс күнін еліміздегі нөмірі бірінші спорттық арнамен өткізуді жөн санағандардың барлығы «Казспорттың» достары. Жарыста бақ сынағандардың басым бөлігі әуесқойлар болғанымен, турнир барлық халықаралық талаптарға сай өтті. Ал, кездесулердің әділдігін өтуін 7-төреші қырағы назарда ұстады. Айналмалы жүйе бойынша өткен жарыстың финалында «Қазақстан» Ұлттық арнасы, сатып алу бөлімінің маманы Мақсат Үсенов жеңіске жетіп, турнирдің 2 дүркін чемпионы атанды. Ақтық кездесу 5-партияға жалғасқанын айта кетейік. Бұл күні ешкім де, жүлдесіз қалмады. Жеңімпаздар кубоктармен марапатталса, қатысушылар түрлі аталымдар бойынша естелік жүлделерді еншіледі.

left010000, Қазақстан Республикасы Астана қаласы, Қонаев көшесі, 4 Байланыс телефондары: +7 (7172) 39-47-31

© 2013-2017 «Қазақстан» РТРК» АҚ

Барлық құқықтары қорғалған

Сайт Интернет редакциясында дайындалған



Жазылу

.