22.07.2017

Posted by A.Nurtassov on July 17, 2017

«Уимблдон-2017» нәтижесі бойынша Әйелдер теннисі қауымдастығы (WTA) рейтингісінің жаңа нұсқасы жарияланды. Қазақстандық теннисші Зарина Дияс WTA рейтингісінің 16 сатыға көтерілді, деп хабарлайды Sports.kz.

Чехиялық Каролина Плишкова әлемнің бірінші ракеткасы атанса, екінші орында - румыниялық Симона Халеп, үшінші орынды неміс Анжелик Кербер  иеленді.

Қазақстандық Юлия Путинцева төрт орынды жоғалтып, 47- орынға табан тіреді. Ярослава Шведова 33 орынға төмендеп, 83-ші болды. Ал, Зарина Дияс 16 орынға жылжып 114-орынға көтерілді.

Айта кетейік, Путинцева «Уимблдонның» бірінші айналымында латвиялық Анастасия Севастовадан жеңіліп, ойыннан шыққан болатын, ал Дияс үшінші кезеңге дейін жетіп, бұл айналымда Хорватиядан келген Петре Мартичке жол берді. Шведова жарақат алғандықтан, турнирге қатыса алмады. 

left010000, Қазақстан Республикасы Астана қаласы, Қонаев көшесі, 4 Байланыс телефондары: +7 (7172) 39-47-31

© 2013-2017 «Қазақстан» РТРК» АҚ

Барлық құқықтары қорғалған

Сайт Интернет редакциясында дайындалған



Жазылу

.