• Сочи-2014. Шаңғышы Александр Колядин мәреге 13-ші келді
  • Сочи-2014. Шаңғышы Александр Колядин мәреге 13-ші келді

    Сочидегі Паралимпиада ойындарына қатысып жатқан қазақстандық шаңғышы Александр Колядин классикалық стильдегі 20 шақырымдық жарыста 13-ші орынды иеленді.

    «Лаура» шаңғы жарысы мен биатлон кешенінде Александр Колядин жарысқа жетінші шыққан. Жарыс қорытындысы бойынша ол жеңімпаздан 13 минутқа қалып қойды.

    Айта кетейік, Паралимпиаданың бұл жарысында алтын мен қола жүлдені ресейліктер Рушан Миннегулов пен Владислав Лекомцев жеңіп алды. Ал күміс медаль фин спортшысы Илка Томистоға бұйырды.