27.06.2017

Posted by muratbek on October 28, 2013
Мырзағали Айтжанов: Жігіттер сенімді ақтады

Қазанның 14-і мен 26-ы аралығында өткен бокстан Әлем чемпионатына Қазақстан құрамасы атынан 10 спортшы қатысты. Оның 8-і жүлделі орындарға ие болып, ел құрамасы жалпыкомандалық есепте 1-ші орыннан көрінді.

49 келіде Әлем чемпионы атанған Біржан Жақыпов: «Соңғы жекпе-жекке бар күш-жігерімді салдым. Бұл әлемдік додаға Серік Қонақбаев салып кеткен кеңестік мектеп тәжірибесі бойынша дайындалдым», дейді. Боксшы Рио-де-Жанейродағы Әлем біріншілігіне қатысу туралы нақты шешім қабылдамағанын, бапкерімен ақылдасқан соң барып бір шешімге келетінін жеткізді.

Қазақстан құрамасының бас бапкері Мырзағали Айтжанов: «Жігіттер сенімді ақтады. 80 жылдық тарихында қазақ боксы осындай нәтиже үшін жұмыс істеді. Қазақстан Бокс федерациясына айтар алғысымыз шексіз. Ғылыми жұмыстар жүргізді, қаржыландыру жағында еш қиындықтар болған жоқ. Біздің жеңіс - жүйелі жаттығу мен қолдаудың нәтижесі», дейді.

Айта кетейік, Мырзағали Айтжанов - AIBA-ның биылғы жылғы Үздік жаттықтырушысы, 69 келіде Әлем чемпионы атанған Дания Елеусінов - Үздік боксшы атанды.

Ел мерейін асырған - әлемдік доданың нәтижесі - осы.

left010000, Қазақстан Республикасы Астана қаласы, Қонаев көшесі, 4 Байланыс телефондары: +7 (7172) 39-47-31

© 2013-2017 «Қазақстан» РТРК» АҚ

Барлық құқықтары қорғалған

Сайт Интернет редакциясында дайындалған



Жазылу

.