27.06.2017

Posted by muratbek on October 29, 2013
Данияр Елеусіновтің жеңісін ауылдастары атап өтт

Батыс Қазақстан облысының Қазталов ауданының жұртшылығы бокстан әлем чемпионы Данияр Елеусіновтің жеңісін осындағы спорт кешенінде атап өтті.

Аудан әкімінің орынбасары Бисенғали Хайруллин: «Даниярдың жеңісі тек жерлестерінің ғана емес, күллі еліміздің жеңісі» екендігін айтса, еңбек ардагері Уәлиолла Әбішев: «Данияр өзінің күштілігін танытты. Осы жаз айында жаттықтырушысы, әкесі Марат екеуі туған елге келіп, тәу етті. Сонда алдағы уақытта жеңістен көріну жолында уәде еткен еді. Айтқан серт орындалды. Енді алдағы уақытта да даңқты ұлымызды олимпиада биігінен көрейік», - деді.

Данияр Елеусінов осы ауданның Қайыңды ауылында дүниеге келген. Оның ағасы Дәурен де - белгілі боксшы. Алматыда өткен әлем біріншілігінде Қазақстан құрамасының капитаны Данияр Елеусінов AIBA-ның биылғы жылғы үздік боксшысы атанды. Жерлестері енді оның Бразилияда өтетін Олимпиада ойындарында Қазақстанның көк байрағын желбіретуін тілейді.

left010000, Қазақстан Республикасы Астана қаласы, Қонаев көшесі, 4 Байланыс телефондары: +7 (7172) 39-47-31

© 2013-2017 «Қазақстан» РТРК» АҚ

Барлық құқықтары қорғалған

Сайт Интернет редакциясында дайындалған



Жазылу

.