«Дакар-2015» жарысы аяқталды (ФОТО)

Бүгін  «Astana Motorsports» командасының пилоттары Айдын Рақымбаев пен Бауыржан Исабаев үйлеріне оралды. Спортшыларды туысқандары, әріптестері және достары қарсы алды.

«Мен «Дакар» тұғырында Қазақстанның Туын көтергенімді мақтан тұтамын. Қолдау білдірген жанкүйерлерге алғысым шексіз. Жарысқа 50-ге тарта елдің өкілдері қатысты. Біз ондыққа ендік. Бұл – үлкен жетістік. Келесі жылы үздік бестікке енуді жоспарлап отырмыз», - дейді Айдын Рақымбаев.

 «Дакар-2015» жарысы есте қаларлықтай өтті. Нәтиже жаман емес, алға қойған мақсатты орындадық. Ең бастысы жарыстың соңына дейін жету еді. Келесі жылы нәтижені жақсартуға ұмтыламыз», - дейді Бауыржан Исабаев.

Еске сала кетейік, Айдын Рақымбаев жол талғамайтын көліктер арасында 9-шы орынды иеленді. Ал, Бауыржан Исабаев бұл категорияда 17-ші орынға тұрақтады. Жүк көліктері санатында сынға түскен Артур Ардавичус жарысты 22-ші орында аяқтады.