23.05.2017

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» мақаласындағы тапсырмаға сәйкес 2013 жылдың 1 шілдесінен бастап, Қазақстандағы тұңғыш мемлекеттік спорттық телеарна «Kazsport» хабар тарата бастады.

Телеарна «Қазақстан» РТРК» АҚ құрамына енеді.

«Kazsport» телеарнасын «Отау ТВ» ұлттық жерсеріктік телерадиохабар тарату желісі мен кабельдік жүйеде хабар тарататын операторлар арқылы көруге болады.

Таралатын жалпы хабарлардың 70 пайызы тікелей және түпнұсқа трансляциялардан тұрады. Олардың негізгісі - елімізде кең қанат жайған спорт түрлерінен өтетін ішкі чемпионаттар мен халықаралық бәсекелер.

Телекөрсетілімдер қазақ және орыс тілдерінде жүргізіледі. Жалпы хабарлардың 20 пайызын жаңалықтар мен бағдарламалар, ал 10 пайызын деректі фильмдер құрайды.

«Kazsport» телеарнасында қазақстандық жанкүйерлер Ұлттық құрама командалар қатысатын құрлықтық және әлемдік деңгейдегі жарыстарды, ел біріншіліктерін тікелей эфирде көре алады. Телеарна тәулігіне 20 сағат хабар таратады.

Үш жыл ішінде 5 мың трансляция өткізіп, 80 деректі фильм, 1300 бағдарлама, 300 арнайы репортаждар мен жобалар жасап шықты. Осы уақытқа дейін «Kazsport» көптеген спорт шараларын тікелей эфирде таратты. Олардың арасында Бразилияда өткен футболдан Әлем чемпионаты, Сочиде өткен қысқы Олимпиада, Нанкинде өткен жасөспірімдер арасындағы Олимпиада, Инчхонда өткен 17-ші Азия ойындары, Францияда өткен футболдан Еуропа чемпионаты мен Рио-де-Жанейродағы Олимпиада ойындары бар. Жалпы, бұл уақыт аралығында эфирде 47 спорт түрінен Әлем және Азия чемпионаты көрсетілді.

Сонымен қатар, «Kazsport» телеарнасы өзі де көптеген өнім шығарады. Олардың қатарында, отандық спорт майталмандары туралы түсірілген деректі фильмдер, «Жеке бапкер - Личный тренер», «Моя высота» - «Өз биігім», «Жеңіс сарайы» - «Дворец победы», «Көкпар», «SPORT.KZ», «Где Вы, чемпионы?» сияқты бағдарламалар бар. Сонымен қатар 2016 жылдың соңына дейін Болат Жұмаділов, Асқар Қожабергенов, Ермахан Ыбрайымов, Серік Қонақбаев, Ерлан Сағымбаев, Геннадий Головкин мен Ольга Шишигина туралы деректі фильмдер көрсету жоспарланған.

Арнаның режиссерлары, редакторлары мен операторлары әлемді шарлап, Қазақстанның түкпір-түкпірінде болды. Көрермендер мен жанкүйерлер «Kazsport» арнасының әлеуметтік желідегі парақшалары арқылы жедел әрі шынайы ақпарат ала алады. Қазіргі таңда kazsport.kaztrk.kz сайтының әлеуметтік желідегі парақшасына 100 мыңнан астам пайдаланушы тіркелген.

«Kazsport» телеарнасының шығармашылық ұжымында өз ісінің білікті мамандары қызмет атқарады. Олардың арасында Қазақстанның ең үздік спорт журналистеріне берілетін Сейдахмет Бердіқұлов атындағы жүлденің иегерлері бар.

Еліміздегі жалғыз спорт телеарнасына ұсыныс-пікірлеріңіз болса, әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларымыз арқылы, kazsporttv.kz сайты арқылы да білдіре аласыздар.
«Kazsport» - жеңіске бірге жетейік!»

left010000, Қазақстан Республикасы Астана қаласы, Қонаев көшесі, 4 Байланыс телефондары: +7 (7172) 39-47-31

© 2013-2017 «Қазақстан» РТРК» АҚ

Барлық құқықтары қорғалған

Сайт Интернет редакциясында дайындалған



Жазылу

.